24.02.2025, 14:58
Жаңалықтар
ШҚО-ның тағы екі ауданында жұмыс уақытына өзгеріс енгізілді
Осыған дейін Қатонқарай ауданы өзгеріс енгізген
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев
24 ақпаннан бастап Марқакөл және Үлкен Нарын аудандарында өңірдің табиғи жағдайларына бейімделген жаңа жұмыс уақыты енгізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жаңа жұмыс тәртібі:
- 08:00 – 17:30 – жұмыс күні
- 12:00 – 13:30 – түскі үзіліс
Аудан әкімдіктерінің мәліметінше, бұл өзгеріс күннің ерте шығуы мен кеш батуына байланысты қабылданған. Жаңа кесте тұрғындардың күндізгі уақытты тиімді пайдалануы үшін енгізілді.
Бұл бастама қалай қабылданды?
- Жұртшылықпен талқылаудан кейін мақұлданды;
- Облыстық басқарма басшыларынан құралған мобильді топ жергілікті жерлерде түсіндіру жүргізді.
Осыған дейін:
- Катонқарағай ауданында осындай өзгеріс енгізілген;
- Қазір аудандағы 40 мекеме 08:00-ден 17:30-ға дейін жұмыс істейді.
Көп оқылған
20.11.2026, 11:28
«Арасында доллар да бар»: Атырауда ойнап жүрген бір топ бала көшеден өте көп ақша тауып алған
20.11.2026, 13:08
Телефонын тартып алып, үш жыл бойы қорлаған: келінін өлімге жеткізген ене бес жылға сотталды
20.11.2026, 16:46
Астанадағы атышулы самса цехы жабылды: журналистерге шабуыл жасаған әйелдің былығы әшкере болды
20.11.2026, 15:41
Бес айлық сәбиді өлтірген қылмыскер әлі табылмады: полиция расымен видеоны өшіруді талап еткен бе
