13.03.2025, 06:30
Жаңалықтар
Оралда еріген қар суы бір көшені басып қалды (ВИДЕО)
Автожолдың ойпатты бөлігіне су жиналып қалды
Фото: istockphoto.com
Орал қаласында еріген қар суы көшелерді басып қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ТЖМ мәліметінше, қалада көше жолдары арқылы аққан еріген су сорылып, тазарту жүргізіліп жатыр.
Орал қаласының Сарыарқа шағынауданында қалың қардың еруі салдарынан қалаішілік автожолдың ойпатты бөлігіне су жиналып, екі шағынауданды байланыстыратын жолға еріген су жайылды.
«Көлік қозғалысы бұзылған жоқ және халық үшін қауіп жоқ.
Бұл жерде Батыс Қазақстан облысының ТЖД бөлімшелері жұмыс істеп жатыр. Олар мотопомпалардың көмегімен су айдауды жүргізуде. Сондай-ақ полиция қызметкерлері мен жергілікті атқарушы органдардың өкілдері жұмылдырылды», - делінген ТЖМ хабарламасында.
Көп оқылған
29.10.2026, 15:26
Еңбекмин жәрдемақы алатын адамның ипотекасын да, несиесін де, отбасын асырауға кететін шығынын да есептейтін болды
29.10.2026, 15:11
Шәйнек түбіне жасырған: Жетісуда түрмеде жатқан адамға танысы шынашақтай телефон жібермек болған
29.10.2026, 12:29
Жұлдыз Сүлейменова мұғалімдер толтыратын 25 құжаттан бес-ақ қағаз қалдыратынын мәлімдеді
29.10.2026, 13:59
БҚО-да жайылып жүрген киікті атып алған ер адам сотталып кетті
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды