12.03.2025, 22:57
Жаңалықтар
Түркістанда суши жеген 22 адам уланып, ауруханаға түсіп қалды
Олардың жағдайына қатысты денсаулық сақтау басқармасы түсініктеме берді
Фото: istokphoto.com
Түркістан қаласында 22 адам сушиден уланып, ауруханаға түсіп қалды. Аталған асқа деген құмарлардың қазір жағдайлары жақсы. Ешқандай шағымдары жоқ. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Otyrar.kz басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Түркістан облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі оқиғаға қатысты түсініктеме берді.
«Түркістан қалалық орталық ауруханасына 22 науқас жатқызылды. Оларға «Тағамдық токсикоинфекция, болжамды жағдай» диагнозы қойылған. Ем қабылдап жатқан науқастардың жағдайлары қалыпты. Барлығы жұқпалы аурулар бөлімшесінің оқшауланған палаталарға жатқызылып, ем тағайындалды, дәрі-дәрмек жеткілікті», - делінген ведомство хабарламасында.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді
