11.03.2025, 21:56
Жаңалықтар
Курс сатып, 1,5 млрд теңге тапқан: салық төлемеді деген блогерлер зәулім үй сатып алды (ВИДЕО)
Олар бір курсты 30 мың теңгеге сатқан
Фото: Видеодан скрин
Атышулы блогер Дархан Жолшыбеков пен жұбайы Дариға Нұркеева зәулім үй сатып алғанын жария етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Олар жуырда 30 мың теңгеге курс сатып, 1,5 млрд теңге табыс табуы керек екен, сол жағдайда 300 млн теңге тұратын үйіне лоторея ойнататынын айтқан.
Жақында олар 300 млн теңгенің үйін курс сатып алғандардың біріне сыйға тартты.
Ал жаңа үйі бұрынғысынан да үлкенірек екенін байқауға болады. Ал желі қолданушылары арасында оның құны 800 млн теңге тұратыны айтылып жатыр.
Айта кетейік, осыған дейін атышулы блогер 300 млн теңгенің үйін ұтысқа тігіп, 1,5 млрд теңге ақша жинап алғаны, әлі күнге дейін салық төлемей жүргені белгілі болды.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: Оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді