10.03.2025, 22:28
Жаңалықтар
Қазақстанның басым бөлігінде ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды
Синоптиктер болжамы жарияланды
Фото: istockphoto.com
Синоптиктердің болжамынша, Қазақстанның бірқатар аймағында тұман түсіп, қар жауып, боран соғады. Осыған байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Астана қаласында, Қостанай, Павлодар, Абай, Ақмола облыстарында қар жауып, бұрқасын соғады, сол сияқты көктайғақ, жел күтіледі.
Ұлытау өңіріне көктайғақ болып, тұман түседі.
Ақтөбе облысында жел соғып, тұман түседі.
Батыс Қазақстан, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Атырау, Маңғыстау облыстарында тұман түседі.
Шығыс Қазақстан облысында қар жауып, бұрқасын, жел соғады.
Алматы облысында тұман түсіп, жолдар көктайғақ болады.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: Оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді