«Ата-анамның қара шаңырағы еді»: блогер тастанды үйін көрсетіп, жұртты жылатты (ВИДЕО)
Ол ата-анасының қара шаңырағына бару үшін 7 мың шақырымға жуық жолды жүріп өткенін айтты

Қазақстандық блогер ата-анасының қара шаңырағын көрсетіп, жұртты жылатты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Instagram желісінде блогер балалық шағы өткен шаңырағы қазір тастанды үйлердің біріне айналғанын айтып, ауыр күрсінді.
«Бұл үйдің тарихы осылайша тәмамдалды. Балалық шағымда асыр салып, ойнап, жүгіріп жүруші едік. 20 жылға уақыт қазір мұнда ешкім тұрмайды, ауланы шөп басып кетіпті. Ауыл да қирап қалған.
Ата-анамның қара шаңырағына келу үшін 7 мың шақырымға жуық жолды жүріп өттім», - деп видео авторы жұртты жылатты.
Оның бұл видеосына желі қолданушылары бірге қайғырып, түрлі пікір білдірді.
«Адамның жүрегі ауырады, қайран ауылдар», «Жасым 40-қа келсе де видеоны көріп, жылап отырмын», «Тыңдаудың өзі қандай ауыр еді. Жүрегің ауырып тұрғаны байқалады», «Балалық шаққа қайта оралу мүмкін болса еді», «Әттең… Қалады екен, қалады екен бәрі де, тек жұлдыздар жанар екен мәңгіге», - деп жазды желі қолданушылары.