09.03.2025, 12:24
Жаңалықтар
Шымкентте өрт сөндірілді: үй мен көлік түгелдей жанып кетті
Өрттің себебі анықталып жатыр
Фото: ТЖМ
Шымкент қаласының Юсуф-Ата көшесінде болған ірі өрт сөндірілді. Қызыл жалын бір қабатты жеке үй мен оның жанында тұрған жеңіл автокөлікті түгелдей жойған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өрт сөндірушілердің жедел және үйлесімді жұмысының арқасында жалын үш сағат ішінде толық сөндірілді. Жалпы 650 шаршы метр аумақты шарпыған алапат өрттен ешкім зардап шеккен жоқ.
Қазіргі уақытта оқиға орнында тергеушілер мен өртке қарсы зертхананың мамандары жұмыс істеп жатыр. Олар өрттің нақты себебін анықтауға тырысып жатыр.
Көп оқылған
29.09.2026, 13:55
Бес жасар қыз баланы балабақша қызметкері бірнеше рет зорлаған: іске президенттің қызы араласты (ВИДЕО)
29.09.2026, 14:25
«16 жеріне пышақ сұққан»: Астанада әйел адамның өлімінен кейін 4 экс-полицей ұсталды (ВИДЕО)
29.09.2026, 09:32
«Қалай болғанда да жетемін»: Қостанай облысында екі көлік бетпе-бет соғылып, бір адам көз жұмды
29.09.2026, 17:39
«Мен де аза тұтуым керек пе?»: блогер Ирина Антоненко қаралы күні эфирде билеп, былапыт сөздер айтты (ВИДЕО)
29.09.2026, 13:35
Астанада жүкті әйелдің егіз сәбиі шетінеп кетті