Хордың кішкентай солисті ана туралы ән орындап тұрып көзіне жас алды (ВИДЕО)
Журналист Әділ Балтабаев жариялаған видео желіде кеңінен тарап жатыр

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік концертте ерекше сәт болды. Қазақстан Президентінің қатысуымен өткен бұл шарада әнші Садраддин К. Байсейітова атындағы мектеп хорымен «Ана» әнін орындады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Концерт барысында журналист Әділ Балтабаев хор солистерінің бірі – Дінмұхаммед есімді баланың көзіне жас алғанын байқаған. Кейінірек хор жетекшісімен сөйлескен ол жас орындаушының сахнада анасын есіне алып, эмоциясын ұстай алмағанын білді. Дінмұхаммедтің жағдайы жақсы екенін атап өтті.
Бұл әсерлі сәт әлеуметтік желіде кеңінен таралып, көрермендердің жылы пікірлеріне ие болып жатыр. Көпшілік жас таланттың шынайы эмоциясын жоғары бағалап, оған қолдау білдірді.