$ 494.84  537.4  5.58
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жеті қызы мен әйеліне ерекше сыйлық жасаған азамат елді тәнті етті (ВИДЕО)

Бейнежазба әлеуметтік желіде кең тарап жатыр

Жеті қызы мен әйеліне ерекше сыйлық жасаған азамат елді тәнті етті (ВИДЕО)
Фото: видеодан скриншот

Әлеуметтік желілерде көпшіліктің жүрегін елжіреткен ерекше видео тарады. Әкенің өз 7 қызына жасаған сыйлығы желі қолданушыларын тәнті етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Бейнежазбада әке алдымен қыздарына гүл шоқтарын таратып, олардың жүздеріне қуаныш ұялатады. Кейіннен шар сыйлап, кішкентай тәттілер де үлестірді. Жасы ең кішкентай қызына памперс беріп, әзіл мен қамқорлықты қатар көрсеткені де көпшілікті сүйсінтті.

Ал ерекше сәт – анасына арналған сыйлық болды. Әке жарына сақина мен сырғадан тұратын зергерлік бұйымдар жиынтығын арнайы қаптамада табыстап, өз махаббаты мен құрметін білдірді.

Желі қолданушылары бұл көрініске тәнті болып, «Нағыз отбасы», «Әкенің қыздарына деген махаббаты көрініп тұр», «Мұндай жанұялар көбейе берсін» деген жылы пікірлер қалдырып жатыр.

Серіктес жаңалықтары