Сонымен қатар оған ақшалай сыйақы берілді
Алматы әуежайында қарулы қылмыскерден қызметкердің өмірін сақтап қалған Мұса Әбдірайым марапатқа ие болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекет басшысының тапсырмасымен Алматы әкімі Ерболат Досаев 52 жастағы Муса Абдраимге «Ерлігі үшін» медалін табыстады. Сонымен қатар оған батыл әрекеті үшін ақшалай сыйақы берілді.
Ол пышақпен қаруланған қылмыскерді залалсыздандырып, Алматы әуежайының қызметкерін құтқарып қалған еді. Қаскүнем өзін жолаушы ретінде көрсетіп, тексеру аймағына кіріп, қызметкерді тұтқынға алған.
«Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлына көрсеткен құрметі мен марапаты үшін алғысымды білдіремін. Елімізде әрдайым бейбітшілік, келісім және өркендеу болсын!» – деді марапат иегері.
Оқиға кезінде президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы әуежайында адамды кепілге алу жағдайы жөнінде хабардар екені де айтылды. Кейін Алматы әуежайында қыз баланың орнына өзін кепілге алуды ұсынып, артынша шабуыл жасағанның қолынан пышағын тартып алған ер адамның кім екені анықталды. Ол «Жігіттер» тобының әншісі Бағлан Әбдірайымовтың кіші әкесі екені белгілі болды. Сонымен қатар журналист Жансейіт Қабылтаев Telegram желісіндегі парақшасында былтыр қаладағы автобуста әйел адамға шабуыл жасаған дәл осы адам болуы мүмкін екенін айтты.