$ 509.51  570.6  6.3
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Астанада қоршаған ортаны ластаудың 34 мыңнан астам дерегі анықталды

500-ге жуық жүк көлігінің жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Астанада қоршаған ортаны ластаудың 34 мыңнан астам дерегі анықталды
Фото: © istockphoto.com

Астанада «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында 34 мыңнан астам экологиялық заңбұзушылық тіркелді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Акция басталғалы бері полицейлер қоршаған ортаны ластаудың 34 мыңнан астам дерегінанықтады. Олардың ішінде қоқысты заңсыз төгу, ағынды суды рұқсатсыз ағызу және басқа да экологиялық заңбұзушылықтар бар.

Бұдан бөлек, 500-ге жуық жүк көлігі мен ассенизатор жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ, бейнебақылау камералары арқылы екі азаматтың қоқысты белгіленбеген орынға төккені анықталып, ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабының 2-бөлігі (Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу) бойынша айыппұл салынды.

Экологтар мен құқық қорғау органдары қоршаған ортаны қорғау шараларын күшейту қажеттігін атап өтті.

Серіктес жаңалықтары