08.03.2025, 14:21
Жаңалықтар
Жамбыл облысында қаңғыбас иттер 10 жастағы баланы талап тастады
Бала көп жарақат алған
Фото: © istockphoto.com
Жамбыл облысында қаңғыбас иттер 10 жастағы мектеп оқушысына шабуыл жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Halyqstan сайтына сілтеме жасап.
Оқиға 25 ақпанда болған. Бала сабақтан үйіне қайтып келе жатқан кезде үйінің жанында бірнеше қаңғыбас ит тап беріп, талап тастай жаздаған.
Қансыраған баланы шұғыл түрде орталық аудандық ауруханаға жеткізген. Дәрігерлер басының самай тұсынан, маңдайынан, екі беті мен мұрнынан көп жарақат алғанын анықтады.
«Бала ауруханаға түскен кезде алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Жаралары өңделіп, антибиотиктер тағайындалды. Психолог пен офтальмолог кеңес берді. Бүгін ол үйіне шығарылды. Қазіргі жағдайы қанағаттанарлық», — деді Байзақ ауданының әкімі Олжас Баққараев.
Көп оқылған
13.11.2026, 14:56
Қазақстандық тур компаниялар Меккедегі қазақ қызын алдап, миллиондаған қарызға батырған
13.11.2026, 15:18
«Біздің қас жауымыз»: Тоқаев Қазақстанда жымысқы әрекет ойлап жүргендердің «құпиясын» жайып салды
13.11.2026, 09:55
Ант қабылдап тұрған сарбаз есінен танып қалды ма: желіде тараған видеоның мән-жайы белгілі болды
13.11.2026, 16:26
Теміртауда бірнеше ай бұрын жоғалып кеткен әйелдің мәйіті табылды
13.11.2026, 12:22
Қазақстандықтар 17 қарашада интернетсіз және азық-түліксіз қалуы мүмкін бе: министрліктер жауап берді
13.11.2026, 14:26
Ақтауда машина жарылып, газ баллоны аспанға ұшып кетті
