Айқайлап, жылап, көмек сұрады: пышақ ұстаған ер адам Алматы әуежайының қызметкерін кепілге алды (ВИДЕО)
Оқиға рейс алдындағы тексеру аймағында болды

Алматы әуежайында ер адам әуежай қызметкерін кепілге алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиға бүгін, 7 наурызда болды. Әлеуметтік желіде оқиға куәгерінің видеосы жарияланды. Кадрда пышақ ұстаған ер адамның еденде отырған қызды шашынан ұстап тұрғанын, ал қыз баланың айқайлап жылап, көмек сұрағаны көруге болады.
Алматы халықаралық әуежайының баспасөз қызметі оқиғаның рейс алдындағы тексеру аймағында болғанын хабарлады.
«Жергілікті уақыт бойынша сағат 11:45 шамасында ішкі терминалда (Т1) өзін жолаушы ретінде таныстырған деструктивті ер адам рейс алдындағы тексеру аймағына жақындады. Алматы халықаралық әуежайының авиациялық қауіпсіздік қызметінің күзетшілері ер адамнан құжаттарын көрсетуді сұрағанда, оған жауап ретінде ол күзет қызметкерінің шашынан ұстап, пышақпен қорқыта бастаған. 7 минуттан кейін әуежай аумағында желілік полиция бөлімінің (ЖПБ) қызметкерлері ер адамды қарусыздандырды», - деп хабарлады әуежайдан.
Қазіргі уақытта ер адам желілік полиция бөлімінің қамауында, құқық қорғау қызметкерлері оқиғамен айналысуда.