07.03.2025, 14:07
Оқиғалар
«Президент бәрін біледі»: Тоқаев әуежайда әйелді құтқарған ер адамға награда беруді ұсынды (ВИДЕО)
Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі хабарлады
Фото: скриншот
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы әуежайында адамды кепілге алу жағдайы жөнінде хабардар. Бұл туралы оның баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Президент қылмыскердің суық қаруын тартып алып, ұстауға көмектескен ер адамның батылдығын ерекше атап өтіп, аталған азаматты мемлекеттік наградаға ұсынуды тапсырды», - деп жазды ол.
Айта кетейік, бүгін Алматы әуежайында 67 жастағы ер адам инспектор әйелді кепілге алып, пышақпен қорқытқан.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: Оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді