Әуежайда қыз баланы қаскөйден құтқарып қалған ер адам танымал әншінің туысы болып шықты
Ол «Жігіттер» тобының әншісі Бағлан Әбдірайымовтың кіші әкесі екені белгілі болды

Алматы әуежайында қыз баланы кепілге алған адамның қолынан құтқарып алған ер адам кәсіби спортшы болып шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ол «Жігіттер» тобының әншісі Бағлан Әбдірайымовтың кіші әкесі екені белгілі болды. Оны әншінің өзі Instagram парақшасында жазды.
«Абдраймов Мұса Сайрамбайұлы. 1973 жылы, Түлкібас ауданы, Күмісбастау ауылында дүниеге келген. 9 баланың кенжесі. Кәсіби спортпен шұғылданған. Қазіргі таңда 5 баласы бар, ардақты әке. Бүгінгі ерлігі рас ел шулап жатыр. Намысты жігігіттің бәрі сондай батылдық жасар еді…
Ешкім батыр боламын, қаһарман боламын деп жоспармен жүрмесі анық. Дер кезінде дұрыс шешім қабылдап, өміріңізді тапсыра салғаныңыз ерлік!
Бұлай батыр боларын білгенде таңда бізді шығарып салғанда суретке түсіп алар едік. 9:25 те Қостанайға ұшқанда көргенбіз, аманатын ап кеткенбіз. Мемлекеттік марапатқа да ұсынып үлгеріпті. Бала-шағаның несібісіне таусылмасын.