$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
30.05.2020, 16:28
Жаңалықтар

Павлодар облысында жыл басынан бері қараусыз жүрген 680 бас мал айып тұрағына қамалған

Қараусыз жүрген мал көлік апатына себеп болуы мүмкін

Павлодар облысында жыл басынан бері қараусыз жүрген 680 бас мал айып тұрағына қамалған
фото авторы: Батыржан Беспаев

Облыс аумағында қараусыз жүрген жануарларды қамау үшін барлығы 125 айып тұрағы орнатылған. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті.

«Мал иелерінің өз мүлкіне немқұрайлы қарауы қайғылы жағдайларға, жол-көлік оқиғасына себеп болуы мүмкін. Қараусыз жүрген мал ұрыларға да жем. Осындай жағдайлардың алдын алу мақсатында полиция қызметкерлері облыс аумағындағы автожолдарда және жазғы жайылымдарда рейд жүргізіп жатыр. Иесіз жүрген малды арнайы айып тұрағына қамайды» - деп хабарлайды.

Департаменттің хабарлауынша, жыл басынан бері облыс бойынша 680 бас мал айып тұрағына орналастырылды. 23 мамыр күні өткізілген рейд барысында полиция қызметкерлері айып тұрағына 200 бас малды қамады. Бұл меншік иелері мен бақташылардың малын қараусыз қалдырады деген сөз.

«Мәселен, 23 мамыр күні жол-патрульдік полиция қызметкерлері Павлодар-Железин автожолын патрульдеу кезінде қараусыз жүрген сиырларды анықтады. Иесіз жүрген мал Тереңкөл ауданының Жаңабет ауылы тұрғындарына тиесілі екені белгілі болды. Қараусыз жүрген сиярлар айып тұрағына қамалды. Осы факті бойынша жиналған материалдар ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодекстің 406-бабы бойынша кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тарту үшін ветеринария органдарына жіберілді», - деп хабарлады департамент.

Айта кетейік, ҚР Қылмыстық кодексіне енгізілген өзгерістерге сәйкес мал ұрлығы үшін жауапкершілік күшейтілді. ҚР ҚК-нің 188-1-бабы бойынша (мал ұрлығы) кінәлі адамдар 12 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

Серіктес жаңалықтары