$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
30.05.2020, 15:23
Жаңалықтар

Фиаско: Павлодарлық «Ертіс» премьер-лигадан шығатынын мәлімдеді

«Ертіс» қаржылық қиындықтарға байланысты биылғы маусымды орта жолдан аяқтауға мәжбүр

Фиаско: Павлодарлық «Ертіс» премьер-лигадан шығатынын мәлімдеді
Фото : kazfootball.kz

Павлодарлық «Ертіс» футбол клубы қаржылық қиындыққа байланысты премьер-лигадан  шығатынын мәлімдеді. Бүгін бапкерлер мен футболшылардың қатысуымен өткен жиында «Ертіс» үшін бұл маусым аяқталғаны хабарланған.

Футболдан Қазақстанның бес дүркін чемпионы (1993, 1997, 1999, 2002, 2003) және Кубок иегері (1997/98) павлодарлық «Ертіс» клубы қаржылық қиындықтарға байланысты премьер-лигаға қатысудан бас тартып, осы маусымды мерзімінен бұрын аяқтауға мәжбүр.

Еске сала кетейік, павлодарлық команда осы маусымда екі матч өткізіп үлгерді. Алғашқы турда Қызылордада «Қайсар» командасынан 1:0 есебімен жеңілсе, 2 турда өз алаңында «Қызылжар-СК» ұжымымен 1:1 есебімен тең түсті.

Павлодар облысы туризм және спортты дамыту жөніндегі басқарма басшысы Марат Айдашев «Ертістің» басына түскен қиындықты бас демеушінің клубты қаржыландыруды тоқтатуымен түсіндірді.

«Қарыз күн санап өсіп жатыр. Сол үшін чемпионаттан шығу туралы шешім қабылдадық. Жыл басында демеушілер 200 млн теңге бөлді. Енді беретін қаржысы жоқ», - деді ол.

Облыстағы футболды дамыту үшін 1,8 млрд теңге бөлінген. Сондай-ақ, 1,6 млрд теңгені демеушілердің есебінен қарастыруды жоспарлаған. Бірақ ол жүзеге асқан жоқ.

«Клубқа бюджеттен 183 млн теңге бөлінді, қалған 1,6 млрд теңге Ақсу, Екібастұз клубтарына және футбол орталығын дамытуға қайта бөлінеді. Олар Қазақстан чемпионатына қатысуын жалғастыра береді», - деді басқарма басшысы.

Футбол ұжымы келесі маусымды 2-лигадан бастайды.

Серіктес жаңалықтары