$ 516.01  582.47  6.26
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Атырау қаласында әжей пышақпен шабуыл жасаған: полиция түсініктеме берді (ВИДЕО)

Желіде қолына пышақ ұстаған әжей видеосы тарады

Атырау қаласында әжей пышақпен шабуыл жасаған: полиция түсініктеме берді (ВИДЕО)
Фото: видеодан кадр

Атырау қаласындағы «Рахат» аялдамасында қолына пышақ ұстаған әжей көліктерге шабуыл жасаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Видео күндіз желіде тарады. Онда әжей пышақпен өтіп бара жатқан көліктерге шабуыл жасағанын көруге болады. Редакция тілшілері қалалық полицияға жүгініп, істің мән-жайын сұрады. 

«Аталған бейнежазбадағы оқиға 5 наурыз күні болған. Полиция қызметкерлері құқық бұзушылыққа жол берген тұлғаның жеке басын анықтады. 59 жастағы әйел адамның жүйке жүйесі ауруларымен есепте тұрғаны анықталды. Құқық бұзушылыққа жол берген тұлғаға қатысты заңды жауапты күтушісімен түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, іс-құжаттар жауапты жергілікті атқарушы органдарға шарасын алу үшін жолданады», – делінген Атырау облысы полиция департаментінің ресми жауабында.

Серіктес жаңалықтары