$ 494.84  537.4  5.58
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Отты түтін шыққан»: Қарғандыда қоғамдық көлік жұртты шошытты

Автобус қызметтен шығарылды

«Отты түтін шыққан»: Қарғандыда қоғамдық көлік жұртты шошытты
Фото: видеодан кадр

Бүгін Қарағанды көшелерінде жүріп бара жатқан автобустың түтін шығатын құбырынан от шығып, жергілікті тұрғындарды үрейлендірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Куәгерлер оқиғаның видеосын әлеуметтік желілерге жүктеп, оған «Ghost Rider автобусы» деген атау берді. Абырой болғанда, өрт тез сөндіріліп, ешкім зардап шеккен жоқ.

Тексеру нәтижесінде қозғалтқыштың турбинасы істен шыққаны анықталды. Автобус бірден қызметтен шығарылып, техникалық ақауларды жою үшін зауыт өкілдері шақырылды.

«Себебі – турбинаның дұрыс жұмыс істемеуі. Май бөлініп, соның салдарынан өрт шықты. Барлығы жөнделді, автобусқа кепілдік бар, ол былтыр сатып алынған», – деді «Рейс» жеке мекемесінің директоры Данияр Әміров.

Қазір автобус толық жөндеуден өтіп, жақын арада қайта жолға шығатыны хабарланды.

Серіктес жаңалықтары