Баласын әжетханада дүниеге әкелген ана жүкті екенін білмеген
Отбасында бесінші бала дүниеге келді

Зардап шеккен баланың анасы жүктілігі туралы білмегенін, токсикоз белгілері болмағанын және құрсағындағы нәрестенің қозғалысын сезбегенін айтты. Сондықтан ол емханаға қаралмаған және ресми тіркелмеген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy NOVA24.uz сайтына сілтеме жасап.
Оқиға Самарқанд облысының Нұрабад ауданындағы жедел медициналық жәрдем қызметінің дәретханасында болғанын еске саламыз. Жүкті әйел дәретханаға кірген бетте толғағы қысып, абайсызда босанып қойған. Ол сол жерде есінен танып қалған, ал шақалақ кәріз шұңқырына құлап кетіп, сол жерде кептеліп қалған.
Төтенше жағдайлар қызметі келгенше, аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері шұңқыр қазып, бір сағаттан кейін баланы алып шығып, дәрігерлерге дереу тапсырған. Куәгерлердің айтуынша, оқыс оқиғадан сәби тірі қалды.
Медицина қызметкерлері баланың есімін оны құтқарған инспектордың құрметіне қоюды жоспарлап отыр.