Босанған әйелдің шақалағы абайсызда дәретханаға құлап кетті (ВИДЕО)
Құтқару сәтінен түсірілген видео жарияланды
Өзбекстанда тәртіп сақшылары дәретхананың канализациясына түсіп кеткен сәбиді құтқарып қалды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі NOVA24.uz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Оқиға Самарқанд облысының Нұрабад ауданындағы жедел медициналық жәрдем қызметінің дәретханасында болған. Жүкті әйел дәретханаға кірген бетте толғағы қысып, абайсызда босанып қойған. Ол сол жерде есінен танып қалған, ал шақалақ кәріз шұңқырына құлап кетіп, сол жерде кептеліп қалған.
Төтенше жағдайлар қызметі келгенше, аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері шұңқыр қазып, бір сағаттан кейін баланы алып шығып, дәрігерлерге дереу тапсырған. Куәгерлердің айтуынша, оқыс оқиғадан сәби тірі қалды.
Жауапты органдар оқиғаға қатысты әзірге түсініктеме берген жоқ.
Жаңа туған нәрестені құтқару видеосын мына сілтеме арқылы көруге болады.