02.03.2025, 16:52
Жаңалықтар
Атырауда қараусыз ғимараттан ер адамның мәйіті табылды
Марқұмның кім екені анықталып жатыр
Фото: © istockphoto.com
Атырауда қараусыз қалған ғимараттан ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Atyrauoil Telegram-арнасына сілтеме жасап.
1 наурыз кешкі уақытта Сырым Датов көшесіндегі қараусыз ғимараттардың бірінен үй-күйсіз адамның мәйіті табылған. Қазіргі таңда марқұмның жеке басы анықталып жатыр.
«Оқиға орнына полиция қызметкерлері мен медицина мамандары келген. Құқық қорғау органдары тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр, өлімнің нақты себебі сот-медициналық сараптамадан кейін белгілі болады», — делінген хабарламада.
Алдын ала болжам бойынша, ер адам суықтан үсіп көз жұмған болуы мүмкін.
Көп оқылған
11.11.2026, 14:42
«Осылай қартайып өтпекпіз бе?»: АҚШ-қа көшкен өскемендік ата мен әжей жаңа өмірі туралы сыр шертті (ВИДЕО)
11.11.2026, 08:34
Астанада екі оқушы қыздың өліміне қатысты жаңа деректер шықты
11.11.2026, 15:55
«Директордың күйеуі балаларды құшақтап, ұйықтатады екен»: Астанадағы жекеменшік балабақшадан дау шықты
11.11.2026, 07:21
Аяз, қар, жаңбыр: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды
11.11.2026, 20:33
Семейде бес күннен бері іздестірілген ер адамның мәйіті табылды