$ 499.11  521.12  5.58
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Кішісі 4, үлкені 9 жаста: Сәтбаевта төрт бала пәтерде қамалып қалды

Оларға құтқарушылар көмекке келді

Кішісі 4, үлкені 9 жаста: Сәтбаевта төрт бала пәтерде қамалып қалды
Фото: © istockphoto.com

Ұлытау облысында төрт бала пәтерде қамалып қалып, құтқарушылар көмекке келді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға Сәтбаев қаласындағы Шәкәрім көшесінде болған. 4 пен 9 жас аралығындағы төрт бала үй ішінде жалғыз қалып қойған.

«Анасы үйіне келгенде, есіктің құлпы істен шығып, ішке кіре алмай қалған. Балаларын өздігінен шығара алмаған соң, құтқарушылардан көмек сұрады», – делінген ТЖМ хабарламасында.

Құтқарушылар үш буынды баспалдақты терезеге орнатып, үшінші қабатқа көтеріліп, үйге кіріп, іштен есікті ашқан.

Оқиға кезінде балалар ешқандай жарақат алмаған. Құтқарушылар тұрғындарға үйдің есік-терезесін, құлыптарын жиі тексеріп тұруды және балаларды қараусыз қалдырмауды ескертті.

Серіктес жаңалықтары