$ 499.11  521.12  5.58
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Бес бала бар: Маңғыстауда бір отбасының жеті мүшесі газдан уланып көз жұмды

Газ жабдығын дұрыс пайдаланбау себеп болуы мүмкін деген болжам жасалып отыр

Бес бала бар: Маңғыстауда бір отбасының жеті мүшесі газдан уланып көз жұмды
Фото: облыс әкімдігінің баспасөз қызметі

Маңғыстау облысында бір отбасының жеті мүшесі газдан уланып қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy өңір әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Трагедия 2 наурыз күні Мұнайлы ауданы Басқұдық ауылындағы жеке тұрғын үйде болған. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар мен медицина қызметкерлері жеті адамның мүрдесін тапты. Қайтыс болғандардың арасында бес бала бар», — делінген хабарламада.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, Маңғыстау облысы ТЖД мамандары қайғылы оқиғаға газ жабдығын дұрыс пайдаланбау себеп болуы мүмкін деген болжам жасап отыр.

Белгілі болғандай, марқұмдар – Қазақстанда уақытша тұрып жатқан Өзбекстан азаматтары. Қайғылы оқиғаны тергеу үшін облыс әкімінің бірінші орынбасары Ербол Ізбергеновтің басшылығымен арнайы комиссия құрылды.

«Қаза тапқан отбасының жақындарына барлық қажетті көмек, оның ішінде жерлеу рәсіміне қолдау көрсетіледі. Бұл мәселе Маңғыстау облысы әкімінің жеке бақылауында», – делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары