02.03.2025, 14:54
Жаңалықтар
Қостанай облысында оннан астам шетел азаматы жол апатына ұшырады
Олардың ішінде бір бала бар
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy
Қостанай облысында полиция мен құтқарушылар жол апатына түскен шетелдік азаматтарға жедел көмек көрсетті. Апат 2 наурыз күні таңертең Рудный – Қашар – Федоровка тасжолында болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Оқиға орнында Hyundai жеңіл автокөлігі мен минивэн жолдан шығып, кюветке аударылған.
«Көліктердің ішінде 11 шетелдік азамат, оның ішінде бір бала болған. Ешкім зардап шеккен жоқ. Оқиға туралы ақпарат түскен бойда полиция және төтенше жағдайлар қызметкерлері жедел түрде жетті. Көліктер кюветтен шығарылып, жолаушыларға қажетті көмек көрсетілді», – деп мәлімдеді полиция өкілдері.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді
12.11.2026, 08:19
«Құлағының бір бөлігін кесіп тастаған»: ШҚО тұрғыны бұрынғы күйеуіне шыққан сот үкіміне наразы