$ 499.11  521.12  5.58
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Төбелестерді дер кезінде білеміз»: Петропавлда мектеп оқушыларының агрессиясын ЖИ анықтайды

Бұл технология 4 мектеп пен 1 балабақшада пилоттық режимде жұмыс істеп жатыр

«Төбелестерді дер кезінде білеміз»: Петропавлда мектеп оқушыларының агрессиясын ЖИ анықтайды
Фото: © freepik.com

Петропавлда мектептерге оқушылардың агрессивті мінез-құлқын анықтайтын жасанды интеллект жүйесі енгізілді. Бұл технология 4 мектеп пен 1 балабақшада пилоттық режимде жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Жетінші арнаға» сілтеме жасап.

Жүйе агрессивті әрекеттерді лезде тіркеп, 8 секунд ішінде мектеп директорының Telegram-ботына хабарлама жібереді. Бұл әдіс буллинг пен төбелестерді дер кезінде анықтап, алдын алу шараларын қолдануға мүмкіндік береді.

Мектеп директоры Сауле Тұрсынованың айтуынша, жүйе енгізілгеннен бері екі оқиға тіркелген.

«Бұл екі жағдайды зерттеп, балалардың арасындағы жағдайды анықтадық. Оқиғаның видеожазбасын қарастырып, ата-аналарға түсіндіру жұмыстарын жүргіздік. Осы арқылы оқушылар арасындағы жанжалды шешіп, достық қарым-қатынас орнатуға көмектестік», — деді мектеп басшысы.

Қазіргі таңда мектепте 800-ден астам оқушы білім алады. Білім беру мекемесінде 60-қа жуық бейнекамера орнатылған, олардың 19-ы жасанды интеллектпен жабдықталған.

Серіктес жаңалықтары