$ 496.71  531.33  5.55
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

АҚШ-та ресми тіл бекітілді – Трамп жаңа жарлыққа қол қойды

Енді мемлекеттік органдар мен мекемелердегі қызметтер тек ағылшын тілінде көрсетіледі

АҚШ-та ресми тіл бекітілді – Трамп жаңа жарлыққа қол қойды
Фото: AP Photo/Evan Vucci

АҚШ президенті Дональд Трамп ағылшын тілін елдің ресми тілі ретінде бекітетін жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ВВС-ге сілтеме жасап.

Тарихи құжатқа сәйкес, АҚШ-тың федералды деңгейдегі құжаттары, мемлекеттік органдар мен мекемелердегі қызметтер тек ағылшын тілінде көрсетіледі.

«АҚШ-та 350-ден астам тіл қолданылады, бірақ біз ұлттық бірлікті сақтау үшін ортақ тілді ресми етуіміз қажет», – делінген жарлық мәтінінде.

Трамптың шешімі бұрынғы президент Билл Клинтонның 2000 жылғы жарлығын жояды. Ол кезде мемлекеттік мекемелерге ағылшын тілін білмейтін тұрғындарға аударма қызметтерін ұсыну міндеттелген болатын. Енді мемлекеттік органдар өз қалауларына қарай өзге тілдерде қызмет көрсету қажеттігін өздері шешеді.

Айта кетсек, АҚШ-тың 50 штатынан 32-сі бұған дейін ағылшын тілін өздерінің ресми тілі ретінде бекіткен болатын. Енді бұл заң федералды деңгейде де күшіне енді.

Серіктес жаңалықтары