02.03.2025, 10:34
Жаңалықтар
Қазақстанның сегіз қаласында ауа сапасы нашарлайды
Сарапшылар қала тұрғындарына далада ұзақ уақыт жүрмеуді ұсынды
Фото: © istockphoto.com
2 наурызда Қазақстанның бірнеше қаласында қолайсыз метеожағдайлар болады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Қазгидрометке сілтеме жасап.
Синоптиктердің мәліметінше, Астана, Алматы, Қостанай, Қарағанды, Теміртау, Өскемен, Семей және Риддер қалаларында ауа сапасы төмендейді.
Қолайсыз метеожағдайлар – атмосфералық ауаның ластануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың жиынтығы. Мұндай кезде зиянды заттар ауа қабатында жинақталып, тұрғындардың денсаулығына кері әсер етуі мүмкін.
Сарапшылар қала тұрғындарына далада ұзақ уақыт жүрмеуді, мүмкіндігінше қорғаныс құралдарын қолдануды және үй-жайларды жиі желдетуді ұсынды.
Көп оқылған
28.09.2026, 17:24
«Жиналысты азайтамыз»: су жаңа Қорғаныс министрі жаңа қызметте бірінші кеңесін өткізді
28.09.2026, 12:40
«Қаралы күн, біз үшін өліп пе?»: сарбаздардың рухына тіл тигізген ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)
28.09.2026, 12:21
Жеті күн ішінде қаржы есебі, он күнде арнайы жоспары дайын болу керек: Қарин әскердегі реформа туралы нақты даталарды атады
28.09.2026, 15:35
Қазақстан аумағында бір күнде үш мәрте жер сілкінді