02.03.2025, 11:44
Жаңалықтар
Екі облыста ауа райына байланысты жолдар жабылды
Бұл туралы ҚазАвтоЖол хабарлады
Фото: © istockphoto.com
Еліміздің екі өңірінде ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар автожолдарда көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «ҚазАвтоЖол»ұлттық компаниясына сілтеме жасап.
Ақтөбе облысында жабылған жол учаскелері:
- РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы, 776-1240 км (Ақтөбе қаласынан Қызылорда облысының шекарасына дейін);
- Ақтөбе – Қандыағаш – Доссор – Атырау – РФ шекарасы, 14-104 км (Ақтөбе – Қандыағаш аралығы).
Қызылорда облысында жабылған жол:
- РФ шекарасы – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы, 1240-1362 км (Ақтөбе облысы мен Арал қаласы аралығы).
Жолдарды қардан тазарту және қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін 206 арнайы техника және 376 маман жұмылдырылған.
Алдын ала болжам бойынша, жолдар 2 наурыз күні сағат 13:00-де ашылады. Төтенше жағдайлар қызметі мен жол полициясы жүргізушілерге сапарды кейінге қалдыруға және жолда сақ болуға кеңес береді.
Көп оқылған
05.10.2026, 14:39
Ресейде оба таралды ма? Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі шұғыл үндеу жасады
05.10.2026, 09:58
«Сүрленген ет сатамын»: Астанада дәмді ет жегісі келген 31 адам 1,7 млн теңгесінен қағылды
05.10.2026, 15:58
Алаяқтар қазақстандықтарға тоғыз ай ішінде 187 миллион рет қоңырау шалған – Сәденов Тоқаевқа есеп берді
05.10.2026, 13:46
Иран азаматтары Каспий теңізінде балық аулап жүріп, Қазақстан аумағына өтіп кеткен: олар 1 жылға сотталды
05.10.2026, 12:21
Қазақстанда алдағы күш күнде ауа райы 22 градусқа дейін жылы болады