$ 499.11  521.12  5.58
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Абай облысында 20 миллион теңгелік әжетхана жұмыс істемей тұр

Әжетхана әлі мемлекет меншігіне өтпеген

Абай облысында 20 миллион теңгелік әжетхана жұмыс істемей тұр
Фото: видеодан кадр

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, Абай облысындағы құны 20 миллион теңгеден асатын әжетхана әлі күнге дейін жабық тұр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ABAI NEWS-ке сілтеме жасап.

Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметінше, санитарлық-гигиеналық нысанды мемлекет меншігіне беру жұмыстары әлі жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар әжетхананың электр желілеріне қызмет көрсететін мердігерді таңдау үшін конкурстық рәсімдер өткізілуде.

Еске сала кетейік, өткен жылдың жазында құны 31 миллион теңгені құрайтын екі модульдік жол бойындағы сервистік нысан пайдалануға берілді деп хабарланған болатын. Алайда күзде ресми жауапта дәретхана 2024 жылдың 7 қазанына қарай ғана ашылады деп көрсетілген.

Серіктес жаңалықтары