02.03.2025, 04:00
Жаңалықтар
Абхазиядағы президенттік сайлау кезінде қарулы шабуыл жасалды (ВИДЕО)
Қашқан қаскөйлердің көлігі шұңқырға түсіп кетті
Фото: видеодан кадр
Абхазияда президенттік сайлаудың екінші кезеңі өтіп жатқан кезде бетперде киген қарулы топ сайлау учаскесіне шабуыл жасап, қауіпсіздік күштеріне оқ жаудырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Шабуылшылар дауыс беру жәшіктерін сындырып, сайлаушылар мен сайлау комиссиясы мүшелерін қорқытып, көліктеріне отырып қашып кеткен.
Полиция «Мюссер» бақылау-өткізу пунктін жауып, олардың тоқтауын талап еткен, алайда қаскөйлер оқ атып, қарсылық көрсеткен.
Қашып бара жатқан көліктердің бірі шұңқырға түсіп кетіп, кейбір шабуылшылар ұсталды, ал өзгелері қашып үлгерді. Қазір тергеу комитеті «Терроризм» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.
Көп оқылған
29.09.2026, 13:55
Бес жасар қыз баланы балабақша қызметкері бірнеше рет зорлаған: іске президенттің қызы араласты (ВИДЕО)
29.09.2026, 14:25
«16 жеріне пышақ сұққан»: Астанада әйел адамның өлімінен кейін 4 экс-полицей ұсталды (ВИДЕО)
29.09.2026, 09:32
«Қалай болғанда да жетемін»: Қостанай облысында екі көлік бетпе-бет соғылып, бір адам көз жұмды
29.09.2026, 17:39
«Мен де аза тұтуым керек пе?»: блогер Ирина Антоненко қаралы күні эфирде билеп, былапыт сөздер айтты (ВИДЕО)
29.09.2026, 13:35
Астанада жүкті әйелдің егіз сәбиі шетінеп кетті