$ 499.22  519.14  5.64
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Атырау облысындағы пойыз апаты неден болды? ҚТЖ мәлімдеме жасады

«Тендік» станциясында жолаушылар пойыздарының қозғалысы қалпына келтірілді

Атырау облысындағы пойыз апаты неден болды? ҚТЖ мәлімдеме жасады
Фото: ҚТЖ

Жүк көлігінің жүргізушісі теміржол өткелінен өту ережелерін бұзған. Атырау облысындағы «Тендік» станциясындағы апаттан кейін жүргізілген жөндеу жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі сағат 22:14-тен бастап жолаушылар пойыздарының қозғалысы қайта жанданғанын хабарлады. 

Қалпына келтіру жұмыстары аясында рельстен шыққан локомотив пен вагондар орнына қойылып, 200 метр зақымдалған теміржол учаскесі жаңартылды.

Апат салдарын жоюға:

  • 167 теміржолшы,
  • екі қалпына келтіру пойызы,
  • алты бірлік арнайы техника жұмылдырылды.

Сонымен қатар Атырау облысы әкімдігімен бірлесіп, кешіктірілген пойыз жолаушылары үшін Қаработан станциясынан Атырауға дейін автобус ұйымдастырылды. 

Жолаушыларға ыстық тамақ ұсынылды.

Алдын ала мәлімет бойынша, апаттың себебі – жүк көлігінің жүргізушісі теміржол өткелінен өту ережелерін бұзғаны.

Серіктес жаңалықтары