$ 499.11  521.12  5.58
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жетісу облысында педофил өмір бойына бас бостандығынан айырылды

15 миллион теңге өтемақы төлеуге міндеттелген сотталушы өз кінәсін мойындамады

Жетісу облысында педофил өмір бойына бас бостандығынан айырылды
Фото: © istockphoto.com

Жетісу облысының тұрғыны кәмелетке толмаған баланы зорлағаны үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy өңірлік соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сот ісі жабық режимде қаралғандықтан, оқиғаның толық мән-жайы жария етілмеді. Алайда, куәгерлер мен сарапшылардың айғақтары негізінде сотталушының кінәсі дәлелденген.

«Сотталушы өз кінәсін мойындамады және өзін ақтауды сұрады. Сонымен қатар жәбірленуші тарап моральдық шығын ретінде 100 миллион теңге өндіріп беруді талап етті», — делінген сот хабарламасында.

Сот Қылмыстық кодекстің 121-бабы, 4-бөлігі («Кәмелетке толмаған балаға қарсы жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері») бойынша айыптап, сотталушыға өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Сонымен қатар жәбірленуші тарапқа 15 миллион теңге моральдық өтемақы төлеуге міндеттелді. Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары