$ 499.22  519.14  5.64
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Абай облысында ер адам полицейді боқтаймын деп айыппұл арқалады

Оқиға Аягөз қаласында болды

Абай облысында ер адам полицейді боқтаймын деп айыппұл арқалады
Фото: Абай облысы ПД

Абай облысында ер адам мас күйінде полиция қызметкерін боқтаймын деп айыппұл арқалады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқиға Аягөзде болды. Кешкі уақытта орталық базар маңындағы сыра барына барған азамат едәуір мас болған. Полицейлер мен пробация қызметкерлері оны алкогольдік масаң күйде байқап, медициналық тексеруден өткізу үшін орталық ауруханаға жеткізген. Алайда тексеруден тыныш өтудің орнына ол полицейге қатысты ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлайтын сөздер айта бастаған.

«Сараптама қорытындысы бейнежазбада айыпталушының қорлайтын сөздер айтқанын растады. Сонымен қатар, бұл азаматтың бұған дейін бірнеше рет алдын ала сөз байласу арқылы ұрлық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды.

Нәтижесінде сот оны ҚР Қылмыстық кодексінің 378-бабы 1-бөлігі – «Билік өкілін қызметтік міндеттерін орындау кезінде немесе соларға байланысты қорлау» бойынша кінәлі деп танып, 30 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлеуге міндеттеді», - делінген ПД хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары