$ 499.11  521.12  5.58
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Астанада ер адам танысын басынан атып өлтірген: оқиға туралы тың мәліметтер жарияланды

Оқиға күдіктінің баспанасында болған

Астанада ер адам танысын басынан атып өлтірген: оқиға туралы тың мәліметтер жарияланды
Фото: istockphoto.com

Астанада танысын басынан атып өлтірген оқиға жайлы тың мәліметтер жарияланды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі КТК телеканалына сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға күдіктінің үйінде болған. Көршілерінің айтуынша, күдікті 50 жастан асқан отбасылы азамат екен.

«Бала-шағасымен осы үйде тұратын. Жап-жақсы жігіт болған. Ішімдік ішпейтін, жаман әдеті болмаған. Намазын оқып, әрқашан амандасып тұратын. Ал сырттан келген жұмыстасы бірдеңе шегіп келген көрінеді. Нақтысын білмеймін, тергеушілерден естігенім осы», - дейді Оразхан есімді көршісі.

Қайғылы оқиға кешкі сағат бес жарым шамасында болды. Көршісінің айтуынша, күдікті мен марқұм әріптес болған. Екеуі жанжалдасып, ақыры соңында бірі мылтыққа жармасып, басынан дәлдеп атқан дейді. Оқиға орнына полиция мен жедел жәрдем шұғыл жеткенімен, ол адам бірден жан тапсырды. Қазір әріптестер арасындағы қанды оқиғаның себеп-салдары анықталып жатыр.

«Қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыс құралы тәркіленді. Алдын ала берілген мәлімет бойынша, қылмыс таныстар арасында жанжал туындауы барысында жасалған. Ұрыс салдарынан күдікті қайтыс болған адамның басынан атқан. Оқиғаның барлық мән жайларын анықтауға бағытталған тергеп- тексеру жүргізіліп жатыр», - дейді Астана ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Эльмира Шәуленова.

Айта кетейік, осыған дейін Астанада ер адам танысымен сөзге келіп қалып, оны басынан атып өлтіргені туралы хабарланған болатын.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Астана