$ 501.49  525.71  5.77
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Тергеу әлі аяқталған жоқ»: Әнару Құрманәлінің адвокаты Тұраровтың әйелінің сөзін жоққа шығарды

Осыған дейін боксшының әйелі Әнару Құрманәлінің сотталайын деп жатқанын айтқан болатын

«Тергеу әлі аяқталған жоқ»: Әнару Құрманәлінің адвокаты Тұраровтың әйелінің сөзін жоққа шығарды
Фото: Azattyq Rýhy

Кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраровтың әйелі Клара Иса күйеуін зорлады деп сотқа берген Әнару Құрманәлінің өзі сотталайын деп жатқаны туралы айтқан. Алайда бойжеткеннің адвокаты Ләззат Ахатова мәлімдеме жасап, ресми түрде жоққа шығарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Адвокат Клара Исаның желі қолданушыларының біріне жазған жауабына қатысты мәлімдеме жасады.

«Мына ақпарат өтірік! Зорлау фактісі бойынша тергеу әлі аяқталған жоқ, жүріп жатыр. Соңғы сараптаманың қорытындысын күтіп отырмыз. Сосын Тұраров үшін әйелі арыз жаза алмайды, ондай өкілеттігі жоқ. Осындай жалған ақпарат таратқан адамды, оны тексермей, жариялағандары үшін осы топты, авторды, басқа да сайттарды жауапқа тарту жөнінде шағым дайындалып жатыр», - деп жазды Ләззат Ахатова.

Айта кетейік, осыған дейін Жанқош Тұраровтың қыз зорлады деген күдікке ілінгені, кейін жала жапқаны үшін боксшының өзі оның үстінен арыз жазғаны хабарланған болатын.

Серіктес жаңалықтары