$ 501.28  526.19  5.86
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қызылорда облысында фитозертхана ашып, есірткі өсірген адам ұсталды

Күдіктіден 2,7 кг кептірілген марихуана және 13 кг қарасора өсімдігі анықталды

Қызылорда облысында фитозертхана ашып, есірткі өсірген адам ұсталды
Фото: istockphoto.com

Қызылорда облысында фитозертхана ашып, есірткі өсірген адам қолға түсті. Күдіктіден аса ірі мөлшерде кептірілген марихуана анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Күдіктінің тұрғылықты үйіне тінту жүргізу кезінде ыдыстарға отырғызылған 78 түп қарасора, есірткі затын өсіруге арналған жабдықтар, сондай-ақ екі дана пластикалық ыдысқа салынған кептірілген марихуана тәркіленді. Жалпы 2,7 кг кептірілген марихуана және 13 кг қарасора өсімдігі анықталды.

«Қазіргі уақытта аудандық полиция бөлімімен Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігінің 3) тармағымен және 300-бабының 2-бөлігінің 3) тармағымен қылмыстық істер тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Сырдария ауданының прокуратурасы азаматтарды мұндай фактілер анықталған жағдайда өз азаматтық борышы ретінде дереу 102 нөмеріне хабарласуға шақырады», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары