$ 501.28  526.19  5.86
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанда жасанды интеллект заңгерлерді жұмыссыз қалдыра ма

Министр сот төрелігінде жасанды интеллектіні қолдануды ұсынған болатын

Қазақстанда жасанды интеллект заңгерлерді жұмыссыз қалдыра ма
Фото: istockphoto.com

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев сот ісінде жасанды интеллектіні қолдануды ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Біздің тағы бір басым бағытымыз – әділет саласында жасанды интеллектіні қолдану. Бұл тәсілдің өзектілігі сот төрелігінің сапасы мен қолжетімділігін арттырудағы халықаралық тәжірибемен расталады. Заң индустриясының көлемі айтарлықтай әлеуетке ие екендігін атап өткім келеді. Кей болжамдарға сәйкес, 2030 жылға қарай аталған индустрия көлемі 3,9 млрд АҚШ долларын құрамақ», - деді Жаслан Мәдиев.

Министр атағандай, осы үрдіске сүйене отырып, саладағы жобаларды іске асыруға кіріскен.

«Бүгінгі таңда заңнаманы талдауға және заң шығару процестерін автоматтандыруға арналған QazaqLaw жасанды интеллект агенті жұмыс істейді. Агент GhatGpt негізінде жасалды, бірақ кейіннен біз оны қосымша оқытып, жетілдірдік. Біз оны цифрлық трансформацияда көмектесу үшін қолданамыз. Агент бізге мемлекеттік органдар үшін ақпараттық жүйелерді құру процесін жеделдету бойынша ұсынымдар қалыптастыруға көмектесті (мысалы, 18-24 айдан 4-6 айға дейін). Осылайша, жасанды интеллект интеграциясы әділет жүйесін одан әрі жетілдірудің қуатты құралы болатынына сенімдіміз. Барлығын сілтеме бойынша өтуге және заңнаманы зерттеу үшін жасанды интеллект агентін пайдалануға шақырамыз», - деді ол.

Министрдің бұл ұсынысына премьер-министр Олжас Бектенов заңгерлердің жұмысына алаңдаушылық білдірді.

«Ақыры заңгерлерді жұмыссыз қалдыратын болдыңдар ғой, Жаслан Хасенұлы», - деді Олжас Бектенов.

 

 

Серіктес жаңалықтары