Астанада шизофрениямен ауыратын жасөспірімді санитар ұрды ма: тың мәліметтер жарияланды
Бұл іс бойынша да сот-медициналық сараптама жүргізілді

Шизофрениямен ауыратын жасөспірімді санитардың ұрғаны туралы ақпаратқа психоневрологиялық орталық түсініктеме берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Айтуларынша, баланың анасы 102-ге хабарласқан. Полицейлер ауруханаға жеткенде кезекші дәрігермен және медбикемен бірге науқасты қарап, әңгімелесіп, анасының келісімімен суретке түсірген. Алайда жасөспірімнен дене жарақаттары табылмады.
«Терісі таза, ешқандай зақым келмеген, науқас көрсеткен жерлерде гематомалар мен ісінулер анықталған жоқ», - деп хабарлады орталық.
Бұл іс бойынша да сот-медициналық сараптама жүргізілді, қорытындысы кейінірек белгілі болады.
Айта кетейік, осыған дейін Астанада лифтіде 5 жасар баланы пышақтаған жасөспірімді ауруханада санитар соққыға жыққаны туралы хабарланған болатын.