$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанда некеге тұру кезінде «ата-аналар мектебінен» өтуді міндеттеу ұсынылды

Құжат «АшықНҚА» порталында талқылау үшін жарияланды

Қазақстанда некеге тұру кезінде «ата-аналар мектебінен» өтуді міндеттеу ұсынылды
Фото: istockphoto.com

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі некені тіркеу кезінде азаматтардың «ата-аналар мектебінен» өтуін міндеттеуді ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл бастама «АшықНҚА» порталында қоғамдық талқылауға шығарылған «2023–2025 жылдарға арналған Балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу және олардың құқықтары мен әл-ауқатын қамтамасыз ету жөніндегі кешенді жоспарға» енгізілген түзетулер жобасында қарастырылған. 

Қазақстандықтар бұл ұсынысқа 2025 жылдың 26 ақпанына дейін өз пікірін білдіре алады.

Жобаға сәйкес, «ата-аналар мектебінде» оқыту тек некеге тұру кезінде ғана емес, сонымен қатар ата-ана болудың бірнеше негізгі кезеңдерінде міндетті болуы мүмкін:

  • жүктілік кезінде скринингтерден өткенде,
  • бала туған сәтте,
  • үш жасқа дейінгі баланы бақылау кезінде,
  • баланың балабақша мен мектепке бару кезеңінде.

Оқыту отбасын қолдау орталықтарында өткізіледі. Бұл орталықтарда ата-аналар тәрбие, бала күтімі мен психологиялық мәселелер бойынша кеңес ала алады.

Серіктес жаңалықтары