22.02.2025, 23:42
Жаңалықтар
«Бірнеше жерден пышақталған»: 38 жасар ақтөбелік әйел ауруханада көз жұмды
Оқиғаның мән-жайы әлі белгісіз
Фото: istockphoto.com
Ақтөбеде 19 ақпанда жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілген әйел көптеген пышақ жарақаттарынан көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Диапазон» порталына сілтеме жасап.
Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, науқас жедел жәрдем қабылдау бөлімінен бірден ота жасатуға жіберілген. Дәрігерлер шұғыл операция жасағанымен, 20 ақпанда ауыр жарақаттар салдарынан келіншек жансақтау бөлімінде қайтыс болды.
Ақтөбе облыстық полиция департаменті бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Тергеу мүддесіне байланысты басқа мәліметтер жарияланбайды.
Көп оқылған
08.10.2026, 11:18
Қазақстанда ауқатты отбасылардың 10 түрлі жәрдемақысы қысқарады: Үкімет қаулыны жариялады
08.10.2026, 09:00
Екі аптада не өзгерді: Каспийдегі трагедиядан кейін кімдер жұмысынан қуылды, кімдер қамалды
08.10.2026, 21:27
«Қазақстанда, үйінде отыр»: Непалдағы жойқын тасқын кезінде із-түссіз жоғалған бойжеткеннің біреуі аман-есен табылған
08.10.2026, 14:25
Астанада «Sardar group» компаниясы былтыр ғана салған үйден жаңбыр сорғалап тұр (ВИДЕО)