22.02.2025, 23:24
Жаңалықтар
Бразилияда күллі бір қала жер астына кетудің алдында тұр
1200 адам үйсіз қалуы мүмкін
Фото: istockphoto.com
Бразилияның Буритикупу қаласында топырақтың опырылуына байланысты төтенше жағдай жарияланды. Қала жер астына кетудің алдында тұр. Бұл туралы Reuters жергілікті билікке сілтеме жасап хабарлайды, деп жазады Azattyq Rýhy.
Соңғы бірнеше айда алып шұңқырлардың көлемі күрт ұлғайып, тұрғын үйлерге жақындаған. 1200-ге жуық адам баспанасыз қалуы мүмкін, қазірдің өзінде бірнеше ғимарат қираған.
Топырақтың опырылуына әсер еткен негізгі себептер:
- Жиі жауын-шашын салдарынан топырақ эрозиясы,
- Дұрыс жоспарланбаған құрылыс,
- Ормандардың жаппай кесілуі.
Буритикупу тұрғындары бұл проблемамен 30 жылға жуық уақыт бойы күресіп келеді.
Көп оқылған
23.11.2026, 11:01
«Балам үш рет түрмеге түскен, оның 25 млн теңге, өзімнің 4 млн теңге қарызым бар»: Алматыдағы «таксист» әже алғаш рет сұхбат берді
23.11.2026, 13:08
«Көз жасымды ұстай алмадым»: анасын іздеген белгиялық Жәнібек туған шешесінің хатын алған
23.11.2026, 07:36
Астанада жаңбыр мен қар, Алматыда көктайғақ: алдағы үш тәулікте ауа райы құбылмалы болады
23.11.2026, 05:27
Теміртау маңындағы тасжолда жарылған дөңгелек үш жол апатына себеп болды
