22.02.2025, 22:45
Жаңалықтар
Анасы дүкен аралап жүргенде 3 баласы өрттен қаза тапты
Қайғылы оқиға Ресейде болды
Фото: Ресей ТЖМ
Ресейдің Шадринск қаласында жеке тұрғын үйден өрт шығып, үш бала көз жұмды. Түтінді байқаған көршілер дереу құтқарушыларды шақырған. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер үйден үш баланың денесін тапқан, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ресей ТЖМ мәліметінше, өртті сөндіру кезінде құтқарушылар төрт жасар егіздер мен үш жасар баланың денесін тапқан. 7 жасар әпкесі 4 айлық інісін өрттен аман алып қалған, алайда қалған бауырларын құтқара алмаған.
Қайғылы оқиға кезінде ата-анасы үйде болмаған: әкесі жұмыста, анасы дүкенге шығып кеткен. Балалар қараусыз қалғанда тез тұтанатын заттармен ойнаған болуы керек.
Өрт 100 шаршы метр аумақты қамтыған. Оны сөндіруге Ресей ТЖМ-нің 37 өрт сөндірушісі мен 15 техникасы жұмылдырылды.
Көп оқылған
10.11.2026, 10:46
«Мен кәсіби боксшы емеспін»: әйелді ұрған жасөспірім Түркістандағы төбелестің неден басталғанын айтып берді
10.11.2026, 11:07
4,5 мың жетімді бауырына басқан: 70-тен асқан Әмина апа минивэнімен балаларға азық-түлік тасып жүр
10.11.2026, 12:58
Қаракемердегі үш оқушының қазасы: прокуратура «Система» деген бейресми топтың жігіттерін ұстап алды (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды