$ 509.51  570.6  6.3
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Өзбектерден үлгі алмай ма?»: қазақстандықтар ашық-шашық киінген отандық әншілерді сынады (ВИДЕО)

Олардың айтуынша, көрші елде заң қатаң

«Өзбектерден үлгі алмай ма?»: қазақстандықтар ашық-шашық киінген отандық әншілерді сынады (ВИДЕО)
Фото: instagram.com/yulduzlarshow

Желіде сахна мәдениеті сөз болды. Желі қолданушылары өзбек әртістерін мысалға келтіріп, отандық әншілерді сынады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Өзбек әншілері, байқайсыздар ма, ашық-шашық киінбейді? Керемет, ғажайып емес пе?!» – делінген желіде жарияланған видеода. 

Желі қолданушылары да сондай ойда. Олар Өзбекстанда қатаң заң барын айтып, өзбек халқын мақтады.

«Сахна мәдениетін сақтаған халық», «Өзбекстан халқы мықты ғой!», «Ашық киінсе, лицензиясын алып қояды, заң күшті ол жақта», «Иманы мықты, тәрбиесі күшті», – деп жарыса жазды желідегілер.

Расымен де, Өзбекстанда әртістердің қызметі «Мәдени қызмет пен мәдени ұйымдар» туралы заңымен реттеледі. Ондағы 21-бапта концерт, той-томалақ кезінде әртіске қойылған талаптар нақты жазылған. 

Концерттік-сауықтыру іс-шараларында, сондай-ақ тойлар мен өзге де мерекелерде:

  • ұлттық менталитетке, құндылықтар мен әдет-ғұрыптарға сай келмейтін,
  • әртіс этикасына, сахна мәдениеті мен сыртқы келбет мәдениетіне қайшы келетін,
  • рухани құндылықтарға теріс әсер ететін,
  • көрермендердің сезімін ренжітетін немесе азғындық идеяларды насихаттайтын әндер мен бейнежазбаларды орындауға тыйым салынады.
Серіктес жаңалықтары