23.02.2025, 04:00
Жаңалықтар
Астанада 300-ге жуық заңсыз мигрант анықталды
15 жұмыс беруші шетелдіктерді заңсыз жұмысқа қабылдаған
Фото: istockphoto.com
Астанада көші-қон заңнамасын бұзған 279 шетел азаматы мен 53 қазақстандық анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қалалық полиция басқармасының мәліметінше, көші-қон қызметінің тексеруі барысында 15 жұмыс берушінің шетелдік азаматтарды әкімдіктердің рұқсатынсыз заңсыз жұмысқа қабылдағаны белгілі болды.
Көші-қон полициясының басшысы Ербол Махметовтың айтуынша:
- 67 шетелдік ел аумағынан шығарылды;
- Қазақстаннан кету туралы сот шешімін орындаудан жалтарған 11 адам мәжбүрлі түрде шығарылды;
- Шығу визасының мерзімі өтіп кеткен Нигерия азаматына ӘҚБтК-нің 517-бабы («Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы») бойынша хаттама толтырылды.
Көп оқылған
08.10.2026, 11:18
Қазақстанда ауқатты отбасылардың 10 түрлі жәрдемақысы қысқарады: Үкімет қаулыны жариялады
08.10.2026, 09:00
Екі аптада не өзгерді: Каспийдегі трагедиядан кейін кімдер жұмысынан қуылды, кімдер қамалды
08.10.2026, 21:27
«Қазақстанда, үйінде отыр»: Непалдағы жойқын тасқын кезінде із-түссіз жоғалған бойжеткеннің біреуі аман-есен табылған
08.10.2026, 14:25
Астанада «Sardar group» компаниясы былтыр ғана салған үйден жаңбыр сорғалап тұр (ВИДЕО)