$ 502.83  545.37  5.95
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Әйеліммен ұрысып қалдым»: жарын уайымға салу үшін адам өлтіргені туралы өтірік айтқан

Қазір ол ұсталды

«Әйеліммен ұрысып қалдым»: жарын уайымға салу үшін адам өлтіргені туралы өтірік айтқан
Фото: АКИpress

Бішкек полиция бөліміне ер адам жалған қылмыс туралы хабар берген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «АКИpress» порталына сілтеме жасап.

Ленин аудандық ішкі істер басқармасының мәліметінше, 20 ақпанда 102 нөміріне белгісіз ер адам хабарласып, Лев Толстой көшесінде кісі өлтіргенін айтқан.

Хабарлама бойынша дереу жедел тергеу тобы құрылып, полиция қызметкерлері күдіктіні іздеуге кірісті. Алайда көп ұзамай ер адам байланысын үзіп, оның айтқандары расталмады.

Полицейлер жалған ақпарат таратқан азаматты тауып, оны полиция бөліміне жеткізді. Күдікті — 1975 жылы туған К.М. Ол өз әрекеті үшін кешірім сұрап, мұндай қадамға әйелімен жанжалдан кейін барғанын мойындады. Оның айтуынша, әйелімен болған кикілжіңнен кейін оны уайымға салу үшін осындай әдіске жүгінген.

Қазір құқық қорғау органдары бұл оқиғаға құқықтық баға беріп жатыр.

Серіктес жаңалықтары