Өскемендік әжей өмір бойы төлқұжатсыз жүрген
Тек зейнетке шығарды құжат жасатуға келген

Өскеменнің 78 жастағы тұрғыны Тамара Никитична Бочкарева өмірінде алғаш рет Қазақстан азаматының жеке куәлігін алды. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Azattyq Rýhy.
Зейнеткер құжатсыз өмір сүріп келгенімен, зейнетақы рәсімдеу үшін жеке куәлік қажет болған соң, көші-қон қызметіне жүгінген.
«Әйелдің айтуынша, оған бұған дейін жеке куәлік қажет болмаған. Алайда зейнетақы рәсімдеу кезінде құжатсыз ештеңе шеше алмайтынын түсінген соң, бізге көмек сұрап келді», – делінген хабарламада.
Полицейлер Тамара Никитичнаға қажетті құжаттарды жинауға көмектесіп, тексеріс жүргізіп, тиісті органдарға сауалдар жолдаған. Осылайша, зейнеткер 78 жасында алғаш рет ресми түрде Қазақстан азаматы мәртебесін алды.