20.02.2025, 07:20
Жаңалықтар
«Әжесінің дәрілерін ішіп қойған»: 5 жасар қыз уланып, қаза тапты
Бала түнде қараусыз қалған
Фото: видеодан кадр
Әзербайжанның Бейлаган ауданында 5 жасар бала дәріден уланып, қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Oxu.Az порталына сілтеме жасап.
Марқұм Дениз Таирли түнде қараусыз қалған.
«Ол қант диабетіне қарсы дәріні қателесіп жұтып қойған. 15-20 минуттан кейін отбасының кіші баласы әпкесінің дәрі ішіп қойғанын айтты. Ата-анасы оны дереу ауруханаға жеткізгенімен, қыз көп ұзамай қайтыс болды», – дейді марқұмның туыстары.
Дениз Таирли Бейлаган орталық аудандық ауруханасына жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.
Қайғылы оқиғаға байланысты тергеу басталды.
Көп оқылған
22.10.2026, 17:03
«Жауыма да тілемеймін»: Дана Нұржігіттің ұлы өгей әкесінен көрген қорлығы жайлы айтты (ВИДЕО)
22.10.2026, 12:01
Жүздеген ақбөкенді өлтіріп, мүйізін Қытайға сатпақ болған: ҰҚК сұмдық мәліметті жария етті
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды