20.02.2025, 08:20
Жаңалықтар
Қар көшкінінен екі альпинист қаза тапты: тірі қалған жігіт екеуінің денесін қазып шығарған (ВИДЕО)
Үш адам топтан ажырап, алға шыққан
Фото: pixabay.com
Қарашай-Черкесиядағы Архыздың София шатқалында 16 адамнан тұратын альпинистер тобы қар көшкініне тап болды, екеуі қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy 112 Telegram-арнасына сілтеме жасап.
Топтың ішінен үшеуі барлау үшін алға шығып, көшкінге тап болды. Олардың бірі қашып үлгерсе, қалған екеуі қалың қар мен мұз қабатының астында қалып қойған.
Аман қалған альпинист өзі қазып, жолдастарының мәйітін шығарған. Қайтыс болғандар – Николай Южаков пен Константин Колокольников.
Солтүстік Осетия аумағында да қар көшкіні жүріп, 2 адам жоғалып кеткен. Қазір оларды құтқарушылар іздестіріп жатыр.
Көп оқылған
29.09.2026, 13:55
Бес жасар қыз баланы балабақша қызметкері бірнеше рет зорлаған: іске президенттің қызы араласты (ВИДЕО)
29.09.2026, 14:25
«16 жеріне пышақ сұққан»: Астанада әйел адамның өлімінен кейін 4 экс-полицей ұсталды (ВИДЕО)
29.09.2026, 09:32
«Қалай болғанда да жетемін»: Қостанай облысында екі көлік бетпе-бет соғылып, бір адам көз жұмды
29.09.2026, 17:39
«Мен де аза тұтуым керек пе?»: блогер Ирина Антоненко қаралы күні эфирде билеп, былапыт сөздер айтты (ВИДЕО)
29.09.2026, 13:35
Астанада жүкті әйелдің егіз сәбиі шетінеп кетті