$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
28.05.2020, 21:24
Жаңалықтар

Іле-Алтау ұлттық паркінде 10 визит-орталық пен 155 км жаяу жүргіншілер жолы салынады

Парктің 35 гектар жері инвесторларға жалға берілді

Іле-Алтау ұлттық паркінде 10 визит-орталық пен 155 км жаяу жүргіншілер жолы салынады
Фото: ашық дереккөзден

Қазақстандағы табиғи парктердегі экологиялық туризмді дамыту 2019-2025 жылдарға арналған туризмді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Министрлік экологиялық туризмнің даму принциптері жолға қойылған АҚШ, Аустралия, Андорра секілді мемлекеттердегі халықаралық тәжірибені зерттеп көрді. Әлемдік тәжірибеде маңызды табиғи объектілерді сақтаудың кешенді әдісі қолданылады. Халықаралық тәжірибе негізінде Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркіндегі экологиялық туризмді дамытудың жоспары жасалды. Бұл жоспар жүз жылдық тарихы бар америкалық үлгіге негізделген», - деп жазылған хабарламада.

Министрлік өкілдерінің хабарлауынша, бүгінгі таңда Қазақстанның ұлттық парктерінің инфрақұрылымын дамыту қажеттілігі ерекше байқалады. Аталған жоспар аясында Іле-Алатау паркінде жаяу жүргіншілер жолы, туристік маршрут, визит-орталық, глэмпинг, кемпинг, этно-ауылдар салынады. Бұл жұмыстардың жүзеге асырылуын ұлттық парк бақылайды.

«Туристік объектілерді салу ұлттық парк жанындағы координациялық кеңес отырысында талқыланады. Сонымен қатар Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық паркінің шекарасындағы 35 га жер инвесторларға жалға берілді. Инвесторлар 10 заманауи визит-орталық, 155 километрден астам маршрутты жөндейді. Бұл жоба жаңа жұмыс орындарын салып, туризм саласындағы кәсіпкерлікті дамытуға әсер етеді», - деп жазылған хабарламада.

Инвесторлар жұмысы қоршаған ортаға зиян келтірмей жүзеге асырылады. Конструкциялар заманауи экологиялық материалдардан жасалады. Қазіргі таңда басқа да мемлекеттік парктер бойынша осыған ұқсас жоспарлар дайындалып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#жалға алу